Құқықтық мәдениет

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Еліміздің дамуында дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды. Бүгінде мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударып келеді. Құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр. Халқымыздың құқықтық сауатын арттыру қоғамның талабы болып отыр.

Шымкент қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі 2022-2024 жылдар кезеңіне «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру үшін «Орталық Азия Инновациялық университеттің» студентерінің құқықтық санасын, мәдениетін және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында әділет органдарының атқаратын қызметтері — жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою бойынша түсіндірілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылатындығы түсіндірілді.

Ntime.kz