Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 9-11-қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.
2022 жылдың 9-қарашасынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып құқықбұзушылықтың нәтижелерін көрсетіп жатыр.
Іс-шараның бір күндік нәтижесімен есірткі затты тасымалдау және сақтау бойынша – 3 және атыс қаруын сақтағаны үшін 1 дәйек тіркелді.
Тәртіп сақшылары бір күн ішінде 1026 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.
Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 149 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 135 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 271 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 20 (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 16 (ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 6 тұлғаға хаттама толтырылды.