Ахтанов Марат Әденұлы 1974 жылы 30 мамырда Түркістан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Жамбыл гидромелирация құрылыс институтын «Инженер-мелиоратор», 2002 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ды «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
1996-2021 жылдар аралығында Мақтаарал аудандық су шаруашылығы жүйелері басқармасында инженері, бас инженері, «Мақтаарал мелиорация» шебері, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Мақтаарал аудандық әділет басқармасының жетекші маманы, ОҚО Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы, персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы, Түркістан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының Әділет департаментінің әкімшілік-қықықтық бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.
Марапаттары: ҚР Әділет министрінің ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісімен, ҚР Әділет министрінің, ОҚО Әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.
Түркістан облысы Әділет департаменті