Бірде жүйелі, бірде жүйесіз, енді бірде тым науқаншыл болса да, қилы кезең жанымызға салған жараны жазуға талпынып бақтық. Оның бір-екі жылда аяқтала салатын іс емес екені тағы аян.
Мұндай талпыныс осы күнге дейін тарих шындығын қағазға түсіріп кітап жазып, газетке мақала жариялап, сахналаудан көрінсе, бір-екі жылдың бедерінде көп сериялы фильм ретінде телеэкраннан көріне бастады.
Ұлттық рухты ояту мақсатында Сайрам аудандық Ішкі Саясат Бөліміне қарасты Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігіне орай кино көрсетілім өткізілді. Көрсетілім барысында Отандық «Оян, Қазақ» фильмі аудан жастары назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараның мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастармен тығыз қарым-қатынаста болуға бағытталған. Көрермен көңілінен шыққан Міржақып бейнесін де олар ақын, қазақтың алғашқы романын жазған қаламгерден бұрын, қайраткер ретінде алып шығуға о бастан бекіген.
Алғашқы бөлімдегі 1911 жылы Қызылжарда бала оқытып жүрген Міржақыптың образынан, «оқыған кісі өз тілін ұмыта ма?» деген сөзінен оның азаматтық ұстанымы бірден менмұндалайды. Режиссер мен сценарий авторлары осы тұста қазақ тілінің мәселесін көркем фильмге жымын білдірмей, сыналап енгізіп жіберген. Ойлы адамның оған ден қоймауы мүмкін емес.
Сабақ аяқталған соң сыныпта жазу жазып отырған Міржақып Сейдазымға: «Қалам жүріп кетті, тоқтамайды, лықсып келді», – дейді. Бұл фильмді көрген көрермен де сөйтеді. Экран алдынан тапжылмайды, телехикая көрген адамды бір демде жетелеп алып кетеді.
Жазықсыз әкенің адал атын қайтарғысы келген перзент табандылығына бас иесіз, құрметтейсіз. Гүлнар Міржақыпқызының образы, ғұмыр бойғы арман-тілегі, ізденісі, талпынысы, ерік-жігері, әкеге деген сағынышы, перзенттік парызы Гүлжан Әспетованың шеберлігімен мінсіз құйылып түскен.
Фильмде Алаш үкіметінің автономия туралы жоспары жүзеге аспай қалатын кез Абылайдың шетінеуімен параллель беріледі. Сондағы Ахмет Байтұрсынұлының Міржақыпқа айтқан «Жақантай, қылған жұмыс ешқашан зая кетпейді» деген сөзі күллі Алаш зиялыларының байламын ұғындырады.
Алты сериялы деректі хикаятты көріп тауысқанда сіз кәдімгі денеңіздегі жарақат жазыларда теріңіз түлеп, өлі клеткаға жан біткендей күй кешесіз. Рухыңыз оянып, санаңыз сілкінеді. Сондықтан да бұл фильмді ұлттың жан жарасын емдейтін туынды десек артық болмас.