Әділетті Қазақстан құру бағдары айқын

Өздеріңізге белгілі, кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Сайлауға қатысу – бәрімізге азаматтық міндет.

Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Біз өз таңдауымызды жасай отырып, алдағы сайлауды бірлікпен өткізіп алуымыз керек. Бұл жеке өзіміз үшін де, мемлекетіміз үшін де маңызды.

Орталық сайлау комиссиясы барлық заңдық талаптарға сай келетін 6 үміткерді тіркеді. Алты кандидат қазір елімізді аралап, өз бағдарламаларын таныстырып жатыр. Енді халық елдің сенімін ақтайтын, халықаралық аренада Қазақстанды айбарлы мемлекет ретінде таныта алатын тұлғаны таңдауы тиіс.

Сондықтан сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал.

Мұхтар СӘРСЕНОВ,
«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы