Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Әкім аппаратының

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қоғам өкілі ретінде қоғам белсендісі, республикалық «Уақыт талабы» газетінің Бас редакторы, «NTime.kz» ақпараттық сайтының директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Жұмыс барысында: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Осылайша, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында Мемлекеттік қызмет көрсетушілер туралы ақпаратың ілінбегендігі және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы толыққанды жұмыс атқармайтындығы анықталды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған кемшілікті қалпына келтіру, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.