Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Ермек Бекбосынов, Шымкент — Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің қызметкерлері, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының бас имамы Берік Жақыпбекұлы мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары түсіндірілді.