Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы мәселесі бойынша дауыс беру қарсаңында Абай аудандық ТЖ басқармасының қызметкерлері ауданның барлық сайлау учаскелерін өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеруде. Оның барысында объектілер әкімшілігімен, сондай-ақ сайлау комиссияларының өкілдерімен және полиция қызметкерлерімен төтенше жағдай мен өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс-қимылдарды нақтылау бойынша өзара іс-қимыл пысықталады. Лауазымды тұлғалармен өртке қарсы нұсқаулықтар ұйымдастырылады.
2022 жылғы 20 қарашада дауыс беру өткізілетін күндері жеке құрам олардың әрқайсысында кезекшілікті жүзеге асыратын болады.
Сондай ақ Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекциясы кенеттен тексеру рейдтік жұмысын ұйымдастырды. Тексеру жұмыстары Абай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы және «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның №1 мамандандырылған жасақ қызметкерлерінің жеке автокөліктеріне жүргізілді. Бұл іс-шара Шымкент КПД ЖПКБ патрульдик полиция полкінің кызмет инспекторлары Е.Умирзахов және Б.Сеиілхановпен бірлесіп өткізілді.
Тексеру жүргізу барысында жеке құрамның алкогольдік, есірткілік масаңдық күйінде болу фактілері анықталған жоқ.
Алайда, тексерген көліктерден бірнеше заң бұзушылықтар анықталған. Олар — көлік құралдарына арналған құжаттардың, медициналық қобдишаның толық еместігі, өрт сөндіргіштің, авариялық тоқтау белгілерінің болмауы. Сонымен бірге көлiк құралын дұрыс басқару, көлiк құралдарын пайдалану қағидалары да тексерілді.
Заң бұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің тармақтарын басшылыққа ала отырып айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, рейдтік тексеру кезінде жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.