14 ақпан күні сағат 18-30 уақытта Шымкент қаласы Елшібек Батыр көшесі 66 үйде орналасқан «Бензин» ресто-барына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 50-адамға арналған «Қыз Ұзату» өткізіп жатқаны, сонымен қатар рестобар қызметкері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағаны анықталды.Ресто-бар әкімшілігінен түсініктеме алынды.Тәртіп сақшылары карантин талаптарының бұзылуын кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Карантин режимін елемеген тойханалар анықталды
![](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2021/02/150687747_788001265465062_1992938776162361781_n-777x437.jpg)