Түркістан облысының полицейлері мас халде өзгенің үйіне заңсыз кіріп кеткен тұрғынды ұстады

Кентау қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, түнгі сағат 12:00 шамасында оның үйіне белгісіз азамат мас халде заңсыз кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 149-бабы, яғни «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Хабар алысымен аз уақыт ішінде оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары құқықбұзушыны ұстап, ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз қауіпсіздігін басты орынға қойып, барынша сақ болуды ескертеді. Сондықтан тыныштығыңызды бұзған жағдайлар орын алар болса, тез арада полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

ТО ПД Баспасөз қызметі