![](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2022/03/277463706_695500228311883_5201935859984843083_n-1024x768.jpg)
Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және «Казселденқорғау» ММ-сі Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары бірлесіп сел жүруін, су тасқынының алдын алу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Бадам өзені бойындағы қауіпті учаскелерінде өткізілді. Қаратау ауданының сел қауіпті учаскелерін аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сел қаупі туындауының белгілері – қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жауынның жаууы; сел қауіпті өзеннің бастауындағы мореналық (мұздық) көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кететтен және ұзақ уақытқа көтерілуі; өзендегі су деңгейінің кететтен төмендеуі немесе көтерілуі; су лайлылығының артуы.Қауіпсіздік шаралары: 1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз; 2. Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, сел қауіпті арнадан кетіңіз; 3. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз; 4. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, опырылым болуы мүмкін;5. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 м қашықтықта құрауын қадағалаңыз.
Шымкент қ. ТЖД Қаратау ауданы ТЖ басқармасы