Этнос өкілдерімен түсіндірме кездесу өтті

Ел президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес мемлекет саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті.

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемсқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарын қабылдамауына , алдын алу шараларының басымдығына көшетіндігі көрсетілген.

 Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Осы орайда Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніедегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметкерлерімен , діни бірлестіктер мен түрлі этнос өкілдерімен түсіндірме кездесу өтті.

Кесебаева Айжан Өмірзаққызы “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі сөз алып  кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.