Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаментін жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері 17 рет жылан аулауға шығу жасаған.
Тек мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар 9 рет осы бағытта жұмыс атқарды.
2023 жылғы 16 мамырда осындай жағдай Самал-3 және Азат шағын аудандарында орын алды.
Құтқару қызметінің «112» нөміріне сағат 12.52 -те Самал-3 Мәңгілік ел көшесіндегі бала-бақшалардың бірінде жылан табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды. Сондай-ақ сағат 15.25-те де Азат шағын ауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде жылан табылғандығы туралы хабарлама түсіп, құтқарушылар тобы оқиға орнына шығып жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды.
Құрметті қала тұрғындары! Мына ақпаратқа назар аударыңыздар!
Сәуірдің ортасынан мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді.
Жыланмен кездескенде өзін қалай ұстау және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.
Ең алдымен, анықтауға тырыспай, жыланнан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда ол адамға ұмтылуға асықпайды. Егер жылан шағып алған болса, алдымен адамды жатқызып, ны қозғалтпау керек.
Жарадан уды өз бетінше алып тастауға, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішкізіп, адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.
Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы