Шымкент қаласынадағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Марат Қалыбайұлы Әліпбаев Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Айтулы марапатты қала әкімі М. Әйтенов «Конституция күні» қарсаңында өткізілген салтанатты іс-шарада табыс етті.
Лайықты құрмет, лайықты марапат. Өйткені Марат Қалыбайұлы- өрт сөндіру саласында қызмет етіп жүргеніне небәрі 5 жыл ғана болсада өрттерді сөндіруде, адам өмірін құтқаруда әрдайым алдыңғы шепте екендігін бірнеше рет дәлелдеген қайсар өрт сөндіруші. Өз мамандығын қателеспей таңдаған ол-міндетіне адал, борышын бұлжытпай орындайды.
Оған дәлелдің бірі 2022 жылға 7 тамызда қаламыздың көпқабатты үйлерінің бірінде өрт шығып, оқиға орнына әріптестермен бірге келген Марат Әліпбаев есік жабық болғандықтан терезе арқалы тез арада үйге кіріп, қою түтінге оранған үйдің ішінен бала мен оның анасын тауып, дер кезінде қауіпсіз аймаққа шығарып, оларға дәрігерге дейін көмекті көрсетіп, өмірлерін құтқарып қалды. Бұл біліктілік пен өз мамандығына деген адалдығының нәтижесі деп білеміз. Осыған орай бүгінде айтулы мереке қарсаңында марапатталып отыр.
Біз Марат Қалыбайұлын бүгінгі марапатымен құттықтаймыз! Бұдан әрі де еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етіп, дамуына үлес қоса беруіңізге тілектеспіз!
Қызметтің қоғаммен байланыс тобы