«Алматы – Ташкент – Термез» автожолындағы ақаулар биыл жойылады

автожол

«Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 274-279-шы шақырымы аралығы Қайнар кенті мен Аспара кентінің арасындағы учаскеде қаңтар айынан бастап тұрақсыз ауа райы байқалды.

Айтарлықтай көп мөлшерде түскен жауын-шашын мен ауа температурасының күрт өзгеруі жабын мен бетондағы қорғаныш қабаттың бұзылуына әкелді, сонымен қатар жол бойында аздаған шұрық шұңқырлардың пайда болғаны байқалды.

Жамбыл облысы Мерке ауданы арқылы өтетін (276-277 км) учаске ең көп зақымдалған аймақ болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды.

«Алматы – Ташкент – Термез» автожолы 2012-2014 жылдары салынған, ол жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі.

«ҚазАвтоЖол» жолшылары ауа райы тұрақталып, күн жылына салысымен аталған жолдағы ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстарына кіріседі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ