«Қазақавтожол» ЖШС Түркістан облыстық филиалының қысқы кезеңге дайындығы тексерілді

Бүгінгі таңда Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстау мәселесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің ерекше бақылауында. Бұл мәселе Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысында қаралды.Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының тапсырмасына сәйкес және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2021 жылғы 9 желтоқсанда республикалық маңызы бар автожолдарда «Қазақавтожол» ЖШС Түркістан облыстық филиалының қысқы кезеңге жол техникасының дайындығы тексерілді. Аталған іс–шараның мақсаты – қысқы кезеңге арналған инертті материалдардың қорын және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде жол-пайдалану техникасының авариялық-құтқару жұмыстарына әзірлігін тексеру, арнайы техниканың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін анықтау. «Қазақавтожол» ЖШС Түркістан облыстық филиалының құрамына барлығы 3 жол-пайдалану басқармасы кіреді. Инженерлік техника алуан түрлі – бұл шнекороторлар, автосамосвалдар, автогрейдерлер, бульдозерлер, тиегіштер және т.б. Шымкент қаласының аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмыс істеуге арналған 8 қар тазалайтын КамАЗ, 2 грейдер, 2 тиегіш дайын тұр. Қала бойынша қызмет көрсетілетін жолдың жалпы ұзындығы 20 км-ден асады. Басшылық сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті учаскелерінде орнатылатын уақытша жол белгілерін («тайғақ жол», «ең жоғары жылдамдықты шектеу» және т.б.) дайындады. Инертті материалдар дайындалды: 1500 тн майда қиыршық тас, 200 тн тұз. Шымкент қаласы ТЖ департаментімен күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді: 30 техника және жеке құрамнан 127 адам. Қала тұрғындарының назарына! Қыс мезгілінде дауылды ескертулерге назар аудару қажет. Осыған байланысты сіздерге «Дәрмен»тегін қосымшасын пайдалануға кеңес береміз. Себебі бұл қосымшада жолдарды жабу және ашу туралы ақпарат және басқа да төтенше жағдайлар SMS –хабарламаларға қарағанда тезірек келеді. Сонымен қатар, онда сіз әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы көптеген пайдалы ақпаратты таба аласыз.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы