Өрттерді және олардан адам өлімінің алдын алу, тұрғындарды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту мақсатында Абай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторында өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – әр үй иесіне өрттің басты себебі адамның абайсыздығы екенін еске салып жеткізу. Бұл жолы аудан ТЖ мамандары Достық шағынауданындағы Сәдуақасов және Жағажай көшелерінде жеке тұрғын үй иеліктерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.
Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілерімен бірлесіп, үй иелерінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеріп, азаматтарға автономды өрт хабарлағышы сияқты құрылғының маңыздылығын еске салды. Құтқарушылар күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салатын жадынамалар мен ұсынымдар табыс етті.
Абай ауданының ТЖ басқармасы тағы да еске салады: электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз және желіге қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.