Адалдық сағаты

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N78 жалпы орта білім беретін мектебінің өзін- өзі басқару ұйымы «Мектеп Парламентінің» президенті Бейбітбек Аяулым, мектепішілік «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенді мүшелері Қуатбек Арай және Агадилова Хадиша Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қалалық Адалдық сағатына қатысты.

Қазақстан елінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды.

Іс-шараның басты мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітіп , сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Қалалық Адалдық сағатына төменгі қонақтар қатысты:

1) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы

2) Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы

3) Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Алжанова

4) Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры Медетбекова М.А.

Өткізілген іс-шараға қаладағы «Мектеп Парламентінің » Президенттері мен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.

Адалдық сағатының барысында төменгі мәселелер қарастырылды:

1) «Сыбайлас жемқорлық»

-» Адалдық»,

-» Парасаттыдық» сөздерге түсініктеме берілді ;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; мемлекеттік саясат;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының маңыздылығы»

4) «Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бойынша атқарып жатқан жұмыстар туралы»

(«Адал ұрпақ» клубы, «Адал дүкен»,» Адал алаң»)