Аманаттықтар азаматтардың арызын тыңдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес,  «AMANAT» мобильді қоғамдық қабылдау жобасы жалғасуда. Сайрам ауданы Жібек жолы елді мекенінде жоба өкілдері тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Сайрамдықтардың басым бөлігін аймақтағы мектеп мәселесі толғандырады. Жайылым жер мен инфрақұрылым мәселесін көтерген тұрғындар да бар. Жалпы халықтың партияға деген сенімі артқан. Мәселен, ауылда мамандардың айтуынша өзекті 5 мәселе бар. Атап айтқанда су мәселесін талқылай келе, жергілікті бюджеттен 22 млн теңге қаржы бөлініп, құбыр қазуға жұмыстар жүргізіліп жатқаны анықталды. Сонымен қатар басқосуда көтерілген жайылым жер жетіспеушілігі, инфрақұрылым мәселелері партия жанындағы жобалар мен комиссиялар арқылы іске асырылады, — дейді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары.

         Қабылдау барысында 50-ден астам азамат уәждерін тиісті орындарға жеткізуге келген. Тұрғындар 5 негізгі мәселені атап өтті.  Соның бірі — үш ауысымға ауысу қауіпі бар мектеп мәселесі. Ә. Бөкейханов атындағы 640 орынға шақталған мектепте қазір 1000-нан аса оқушы білім алуда. Қосымша нысан салуға да мектеп аумағы кең екенін айтады. Бұған дейін бұл мәселені 5 жылдай уақыт көтеріп келген. Алайда еш жауап болмаған соң арнайы партия қабылдауына келіп проблеманың шешілуін сұрап  отыр.   

         Аталған арыз мобильді қоғамдық қабылдау жобасының бақылауына тіркелді. Алдағы уақытта жауапты мамандарғат тиісті тапсырмалар жүктеліп, мәселе партия назарында болмақ. Айтып өтейік, бірінші жарты жылдықтың өзіңде республика бойынша 600-ге жуық мобильді қоғамдық қабылдау өткізіп үлгерген.

Ntime.kz