А.Сәбитов: Тұрғындардың өтініші орындалу қажет

Бүгін Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауыл округіне барды. Ең бірінші аудан басшысы Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клуб жұмысымен танысты. Сұраншы батыр көшесінің бойында орналасқан нысан 1978 жылы пайдалануға берілген, ал 2011 жылы 62 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңбырлы маусымда ғимараттың шатырынан су өтуде. Бүгінгі таңда нысан орташа күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты Арман Сәбитов келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің басшысы М. Нұрлыбаевқа құрылыстың сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.

Істеліп жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, ауыл округтерінің әлеуетін көтеруге бағытталған.

Айта кетейік, осы аптада әкімнің жеке қабылдауына Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би көшесінің тұрғындары келген болатын. Негізгі мәселе-ауыз судың жиі болмауы. Тұрғындарды тыңдаған А. Сәбитов осы аумақтың 76 гектар жерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бүгінде аталған аумақта инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүруде. Мамандардың айтуынша, 239 ұңғыманың 50 -інде ақаулар анықталды, сонымен қатар 35 дана баспалдақ дұрыс дәнекерленбеген және өрт гидранттары қисық орнатылғанына байланысты пайдалануға берілмей келген. Бұл ретте аудан әкімі А. Сәбитов 1 қарашаға дейін барлық кемшіліктерді жоюды және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, ол тұрғындардың өтініштері уақтылы қаралуы керектігін атап өтті.

Аудан әкімі ауылдық округтерді инфрақұрылым жүйелерін дамытуға көп көңіл бөлуде.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі