Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында тұрмыстық техника мен электрониканы сататын «Sulpak» сауда желісі өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары облыс орталығы мен үшінші мегаполиске бармай-ақ күнделікті тұрмысқа қажетті 10 мыңнан аса тауарды қала орталығынан тиімді бағамен сатып ала алады.Сауда орталығының директоры Б.Досмаханбетовтың айтуынша жаңа сауда дүкенінің ашылу салтанатына орай, «Sulpak» арыстықтар үшін 8-14 қараша аралығында 7 күн супербаға жариялайды. Яғни, дүкен сөрелеріндегі техникалар 40 пайыз жеңілдікпен сатылады. Сондай-ақ, басқа да көптеген тиімді ұсыныстар: 80% дейін каскадты жеңілдіктер,келесі сатып алуға купондар және 24 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі