Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиыны өтті. Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін ауыл әкімі, бөлім, мекеме,басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:

Атап айтсақ, «Дермене ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының 2023 атқарылатын жұмыстары туралы», Дермене ауылдық округінің әкімі Алдияр Курманхожаев, «Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің 2022 жылы атқарылған жұмыстарының мәліметі», Арыс қаласының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Ерлан Билалов, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ММ-нің «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы», Арыс қаласының «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығының басшысы Ермек Скаковтар толық баяндап өтті.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.