Арыс қаласында «Қолғабыс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Бір ұжым, бір отбасының қуанышы» атты эстафеталық қайырымдылық шарасы бастау алды деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы мақсаттағы алғашқы шараны Арыс қалалық жастар орталығының ұжымы бастап, эстафетаны қалалық ішкі саясат бөлімі ұжымына табыстаған болатын. Өткен аптада Мөлдір Сарыпбекова жетекшілік еткен ұжым 1 қап ұн мен 1 электр пешін көмекке мұқтаж отбасыға тарту етті.Бүгін сол ізгілікке үндейтін игі шараны Айбол Әлібек жетекшілік еткен ішкі саясат бөлімінің ұжымы іліп әкетіп, көпбалалы отбасыға азық-түлік өнімдерін табыс етіп, қайырымдылық эстафетасын жалғай түсуді қалалық құрылыс бөлімі ұжымы мен Арыс қалалық әйелдер кеңесіне жолдады.