Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеріп, толассыз жауған жауын-шашынның арты бұрқасын дауыл мен қарға ұласып, салдарынан Бәйдібек, Отырар, Ордабасы ауданы мен Кентау және Арыс қаласының кейбір елді мекендері ішінара жарықсыз қалған еді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен Арыс пен Кентау қаласында жағдай тұрақталды. Кентау қалалық жылу электр стансасы іске қосылып, электр желілері жөнделді.
Ал, қалған үш ауданда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Техногенді сипаттағы табиғат апатының салдарын жою бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат жинында баяндалды. Ауа — райының қолайсыздығынан электр сымдары үзіліп, 2 мыңнан астам электр бағаналары құлаған. 20 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.
«Сирек кездесетін құбылыс. Өте қатты жаңбыр, жел, мұз, аяз. Салдарынан облыста 2 мыңнан астам электр бағаналары құлады. Соған байланысты іс-шара жасауымыз керек»,-деді облыс әкімі аппарат отырысында.
Табиғаттың тосын мінез танытуынан орын алған апатты жағдайға байланысты штаб құрылып, мәселені облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз бақылауына алған болатын. Облыс басшысы зардап шеккен аудан әкімдеріне қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуды тапсырды.
Жиында сөз алған «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының басшылығы Ордабасы ауданындағы жағдай жақын арада тұрақталатынын жеткізді. Ал, Отырар мен Бәйдібек аудандарында қайта қалпына келтіру жұмыстары бір айға созылмақ.
«Бір ай дегенді естімейтін болайын. Бір аптаның ішінде бәрін орнына келтіру керек»,-деп кесіп айтты Өмірзақ Естайұлы.
Соңғы екі тәуліктен кебір табиғат апатынан болған жағдай бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Оқиға орындарында жарық беруші компанияның 20-дан астам бригадасы мен 100-ден астам адамы, 30 техникасы жұмылдырылған.
В городах Арыс и Кентау полностью восстановлена подача электроэнергии
Пять районов Туркестанской области из-за ураганного ветра и обильных дождя и снега частично остались без электроэнергии передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Пострадали Байдибекский, Отырарский и Ордабасинский районы, а также города Кентау и Арыс.
Однако ситуация в обоих городах стабилизировалась. Уже работает Кентауская городская тепловая электростанция. Отремонтированы линии электропередач.
В остальных трех районах работы по восстановлению электросетей продолжаются. О результатах ликвидации последствий стихийного бедствия техногенного характера доложили на аппаратном совещании под председательством акима области Умирзака Шукеева. Напомним, из-за непогоды оборвались линии электропередач, обрушилось более 2 тыс. опор электрических столбов. Без света остались более 20 тысяч абонентов.
«Это редкое явление. Очень сильный дождь, ветер, лёд, мороз. По области обрушилось более 2 тыс. электрических столбов. Мы должны принять меры», — подчеркнул глава региона на аппаратном заседании.
Умирзак Шукеев лично контролирует сложившуюся ситуацию. Он также поручил акимам пострадавших районов участвовать в восстановительных работах. Руководство компании «Оңтүстік Жарық Транзит» на совещании заверило, что ситуация в Ордабасинском районе в ближайшее время стабилизируется. В Отырарском и Бадибекском районах восстановительные работы продлятся месяц.
«Месяц — это много. Все должно быть восстановлено в течение недели», — отметил Умирзак Естаевич. Последние двое суток восстановительные работы идут круглосуточно. Работают более 20 бригад, 30 единиц техники и свыше 100 сотрудников энергетической компании.