Түркістанда “Қонаев — ғасыр адамы” атты жиын өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы “Ұлы дала елі” орталығында «Қонаев-ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық іс-шарасы өтті. Аталған жиын мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Басқосуға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім қатысып, дара тұлғаның ерен еңбегі жайлы сөз етті.

Танымдық шарада ұлт қайраткерінің ғұмырнамасынан сыр шертер фотокөрме ұйымдастырылып, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары көпшілік назарына Дінмұхаммед Қонаев туралы арнайы қойылым мен арнау өлеңдер ұсынды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі