Астана қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру

Қала прокуроры Е.Р.Өтегеновтың төрағалығымен 2024 жылдың 9 айында елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге өскені атап өтілді.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-і кәмелетке толмағандар.

Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу.

Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын — алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді.

Астана қаласының прокуратурасы