Елорда прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегеновтың төрағалығымен меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері, Астана қаласы әкімінің орынбасары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Үш жыл ішінде елордада меншікке қарсы тіркелген қылмыстардың саны тұрақты өсуде, бұл барлық қылмыстардың 70 пайызын құрайды.

Атап айтқанда, алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 18 пайызға, интернеттегі алаяқтық 31 пайызға артқан.

Қала прокуроры мұндай қылмыстарды алдын алу үшін құқық қорғау және мемлекеттік органдардың келісілген іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырып, бұл мәселені шешудің тиімді тетігін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға елорданың әрбір ауданының ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріліп, мұндай құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Астана қаласының прокуратурасы