Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен түрлі саладағы, елге сыйлы, абыройлы азаматтармен кездесулер ұйымдастыруды жоспарлаған «Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі ауданның әлеуметтік жайына, экономикасына үлес қосып жүрген кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесуге шақырылған «Ауданның құрметті азаматы», Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Айымхан апа Рахиева, он баланың анасы, жолдасы өмірден өткенде үлкені әскер қатарына алынған, ал кішісі 2 жаста болған. Оларды жеткізуге үлкен күш, жігер, қажырлылық, табандылық қажет болғанын айтады. Халықтың бос жатқан жерлерін ақыға алып, мақта егіп, ол жылы пайдасына шықпаса ендігі жылы тағы егіп, мақташы кәсібін игеріп, пайдаға шыққаны, жылыжай салып, жоғары өнім алуы, ауылда азық-түлік дүкенін, тойхана, монша салып халықтың пайдалануына мүмкіндік жасағаны, барлығы қазақтың әйеліне тән табандылық қой! -деген еріксіз ой келеді.
Келесі сөз Жеңіс ауылының тігіншілік кәсібін игерген, қыз жасауын тігетін, құрақ құраудың маманы Күлан апаға беріліп, өз кәсібін әңгімеледі. Кездесудегі қыз-келіншектер тыңдап, сұрақтар қойып, ризашылықтарын білдірді.
«Аяулы алақан» қоғамдық ұйымның жанынан 20 әйелге тігін цехын, ер азаматтарға аргодәнекерлеу кәсіптерін ашып, мүгедек азаматтарға демеушіліктер ұйымдастыруды жолға қойған істерін баяндады. Кездесуге шақырылған азаматтардың қайсысын алсаңыз да еңбекпен өсіп, жарқыраған, елге сыйлы, абыройлы азаматтар! Осындай жарасымды, өмірге құмар, өз ісіне бекем де сенімді, табандылық қасиеттер жастарымызда да бола берсе деген кездесудегі азаматтардың ойында болды деген ойдамыз!!
Кездесуге қатысқан азаматтар тарапынан түскен, отбасыларына, жастарға көзқарастарына байланысты сұрақтарға жауаптар беріліп, ризашылықтарын жеткізді. Ардақты ардагерлерге аудан әкімінің Алғыстары, естелік сыйлыққа «Ордабасы» кітаптары табысталды.
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі