Кәсіпкерлерді тауарды қадағалау жүйесінде және ұлттық өнім каталогында жұмыс істеуге үйрету өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке бірқатар цифрлық платформалар ұсынылды, оның ішінде Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйес болды. Бұл жүйе сауда айналымын цифрландыруды және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеуді көздейді, бұл өз кезегінде олардың көлемін тиімді бақылауға және бағаны реттеуге, азық-түлік тауарларының контрактілері бойынша сараптауға, олардың қозғалысы мен өңірлер бойынша баға динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді. Тауарларды қадағалау жүйесін құрудың бастамашысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Сауда және интеграция министрлігінің құзыреті арқылы жүйенің пилоттық жобасын іске асыруды Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына жүктеген, аталмыш оператор қажетті құзыреттерге, инфрақұрылымға және инновациялық шешімдерге ие.

26 қыркүйекте барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) өкілдері үшін оқыту өткізілді. Бірінші күні семинарға қатысушыларға жүйенің міндеттері туралы айтылды, оның негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетіліп, оның негізгі құндылығын көрсете отырып, жұмыс модульдерімен таныстырылды.

«Азық-түлік өнімдерінің қадағалануының ұлттық жүйесі» (АТӨҚҰЖ) ақпараттық жүйесі пилоттық жоба аясында өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТТ) көлемін, баға деңгейін бақылауға арналған, бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі және инфляциямен күресуге көмектеседі.

Бірыңғай оператор бұл жобаны Қазақстанның өңірлерінде, соның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда сынақтан өткізуде. Жобаның пилоттық іске қосылуы негізгі өнімдердің нақты бағасын көрсетеді деп күтілуде. Әзірге пилоттық жоба бойынша әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміндегі 9 позиция бар – ұн, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, тауық жұмыртқасы, күріш, күнбағыс майы және сары май бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған ұқсас жобалар бірқатар елдерде, соның ішінде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада сәтті жүзеге асырылды. Пилоттық жоба сәтті аяқталған  жағдайда, Ұлттық өнім қадағалау жүйесі де бағаның қалыптан тыс өсуімен күресте нақты қолдауға айналады деп көзделген.

«Жобаның бірінші міндеті – өңірлердегі белгілі бір азық-түлік өнімінің көлемін белгілеуге қол жеткізу. Әрі қарай, берілген электронды шот-фактураларға сәйкес, белгілі бір өнімнің қалай сатылғанының суреті анық болады. Ал бөлшек сауда желілерімен интеграцияның арқасында баға белгіленімі мен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің максималды үстеме мөлшерін қадағалау мүмкін болады», — деп түсіндіреді ұлттық өнімдерді қадағалау жүйесі жобасының жетекшісі Әлібек Сұлтанғазин.

Сондай-ақ, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық өнім каталогы ұсынылды, әзірше ол жасалу барысында, ол елдегі тауарлардың есебін оңтайландыру және жетілдіруге арналған бірыңғай стандарт болып табылады. Жоба ашықтықты қамтамасыз етіп, инфляцияны тежеп, экономика мен мемлекеттік басқаруға оң әсер етеді.

«Бүгін оқыту барысында мұндай жүйені енгізудің қажеттілігі мен пайдасы туралы түсінік пайда болды. Онлайн оқу кезінде біз әлі де күмәндандық және оның не екенін және қажет пе дегенді түсінбедік. Енді біз оның ӘМАТТ мониторингі мен қадағалануы бойынша мақсаттарына қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық қайталауларды айтарлықтай азайта алатынына барған сайын сенімдіміз. Әкімдіктер мен бизнес тиісті аналитиканы қалыптастыруды тездетеді және бюджет қаражатын үнемдейді», — дейді Роза Тастанбекова, «Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорын ұйымдастыру департаментінің директоры.

ӘКК бизнес-процестеріне кросс-талдау жүргізгеннен кейін қатысушылар нақты құжаттаманың деректеріне ТҚҰЖ-ға «айна әдісімен»  алған білімдері мен дағдыларын қолданды. Солардың негізінде Сауда министрлігі үшін республика бойынша ӘМАТТ тауарларының есебі мен айналымының нақты көрсеткіштерін тіркеуге мүмкіндік беретін өзекті жиынтық талдау жасалады.

Бүгін тренингтің екінші күні өтеді, оған қатысушыларды да дәл осындай бағдарлама күтіп тұр.