Түркістан облысы ауылдарын сапалы интернетпен қамту мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жүріп жатқанын көріп отырмыз. Облыстың көптеген ауылдарында интернет желісінің сапасы айтарлықтай жақсарды. Жаңа базалық станциялар орнатылуда, ескілері жаңартылуда. Бірақ әлі де болса, әсіресе шалғай ауылдарда интернет жылдамдығы төмен, тұрақсыздық байқалады. Түркістан облысының барлық ауылдарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін арнайы жол картасы әзірленген. Бұл жоспарға сәйкес, жақын арада көптеген ауылдарда интернет желісінің сапасы одан әрі жақсарады.
Осығвн орай Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Сарыағаш, Келес аудандарына іс-сапармен барды. Алдымен Сарыағаш ауданына қарасты Тың елді мекенінде орнатылған «Билайн» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясының жұмысымен танысты. Бүгінде станциядағы интернет желісінің жылдамдығы 106 мбит/с құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Сіргелі елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясымен танысты. Онда интернет желісінің жылдамдығы 30 мбит/с. Бұдан бөлек, Алғабас елді мекенінде орнатылған «Кселл», «Билайн» байланыс операторларының орнатқан базалық станцияларының жұмысы таныстырылды. Онда интернет желісінің жылдамдығы 100 мбит/с құрайды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында орнатылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату барысымен танысты. Одан бөлек, аудандағы «Кселл» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының тарапынан орнатылған базалық станцияларға барып, интернет желісінің жылдамдығының артқанына көз жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі аудан-қалаларда жалпы бейнебақылау жүйесін арттыру жұмыстарын жүргізу негізінде биыл 200 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлауда.
Қорытындылай келе, Түркістан облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жетістіктер ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.Түркістан облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамту – бұл аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін маңызды қадам. Мұндай бастамалар ауыл тұрғындарының білім алуына, кәсіп ашуына, онлайн қызметтерді пайдалануына мүмкіндік береді.