Әкімдік қызметкерлері кәсіпкердің құжаттарын уақтылы рәсімдеуіне кедергі келтірген

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкерден мал шаруашылығы объектісін салу мақсатында 264 га жер учаскесінен 4 га жерді ішінара бөлу бойынша Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болғаны туралы шағым түсті.
Бөлімге 2022 жылдың қазан айынан бері бірнеше рет өтініш жасаған кәсіпкер көршілес жер пайдаланушылармен келіспеушілік салдарынан жерге орналастыру жобасына келісім аламаған. Осылайша, Бөлім тарапынан кәсіпкерге жасанды кедергілер жасалған.
Антикор қызметінің тікелей араласуымен жер ресурстарын басқару процесінің барлық қатысушыларымен кәсіпкердің құқықтарын бұзатын қолданыстағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылданып, құқық белгілейтін құжаттарды алу құқықтарын одан әрі жүзеге асырумен кәсіпкердің құқығы қорғалды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰