Жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде АӘК алушылар саны төмендеді

АӘК

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120 бабының   4-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы  №227 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының» 2-тарауының 3-тармағына сәйкес,  атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Мұндай көмек аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлем негізінде жүзеге асырылады.

–АӘК-ке өтінім берген отбасылар арасында әлеуметтік келісім-шарт жасалады. Отбасындағы жұмысқа жарамды азаматтар жұмыспен қамту шаралары, яғни оқытуға, субсидияланатын жұмыс орындарына, грант беруге және тұрақты жұмыс орындарына жолдама беріледі. Жұмыстан бас тартқан отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. – деді баспасөз брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева.

Биыл 7 айдың қорытындысымен 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қаламыздағы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отыр. Мәселен 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.

Атаулы әлеуметтік көмектің тағы бірі – алты жасқа дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.

Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 теңге) көмекті есепті кезеңіде 6900 отбасындағы 13 494 бала үшін төлініп жатыр. Көмектің бұл түрін алушы отбасы саны да кеміген. Яғни, 2023 жылы 9 782 отбасындағы 18 608 балаға төленіп, осы жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға төмендеген.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 11 411 азамат жұмысқа жарамды болса, 6 716 азаматтың жұмысы бар АӘК-ке өтініш берген отбасылардан жұмысқа жарамды 279 тұрғынды нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 190 адам тұрақты жұмыс орындарына, 41-і қоғамдық жұмыстарға, 8 адамды жастар практикасына, 16 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына және 24 адамның кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілді.