«Петроказахстан Ойл Продактс» ЖШС аумағында аса маңызды іс-шара өткізілді

26 қазанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»ЖШС аумағында мұнай өнімдерін сақтау нысандарында өрт сөндіру тақырыбы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық тұрғысынан сәйкес, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында резервуарлардың бірінде бензиннің төгілуі және жануы орын алды.Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Шымкент қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің және объектінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, объект персоналымен өзара іс-қимыл пысықталды, жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындату ұйымдастырылды, көбік шабуылы жүргізілді, нәтижесінде өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 26 адам және 5 бірлік өрт сөндіру техникасы, оның ішінде 4 негізгі, 1 бірлік арнайы техника қатысты.Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Арсланов барлық қатысушылармен егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

А. Толтаев Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі