Бүгін еліміздің ең кішкентай тұрғындары үшін ерекше күн. Бүгін мереке, «Балаларды қорғау күні». Балабақшаларда, жазғы мектептерде, лагерьлерде, түрлі ойын-сауық орталықтарында шат-шадыман күлкі, мереке аталып өтілуде. Балаларды қуанту үшін барлығы атсалысып жатыр. Бұл іс-шаралардың алдыңғы шебінде Шымкенттік өрт сөндірушілер де жүр.
Осындай іс-шараның бірі «Достық» балабақшасында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Балалар арасында сурет салу байқауы, эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, тәттілер сыйға тартылды. Қауіпсіздік ережелері ескертілді.
Балалар біздің болашағымыз! Олардың әрбір сәтін қуанышқа бөлеп, қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің міндетіміз! Бірге атсалысайық!
С. Шойманов Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі