Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінде «Сенімен бірге» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының мамандары семинар сабақ өткізді.
Семинарға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері – Гүлвира Серікбай және Тоғжан Шайхидинова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар қатысты
– Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты – ата-аналардың санасын оятып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттырып, жан-жақты қолдау көрсету. «Сенімен болашақ» өз алдына білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде олардың ата-аналары мен мұғалімдері өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаң құру міндетін қойып отыр,- деді «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бекнұр Изенбаев.
Басқосуда Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Гүлмира Құлбайымбетова оқушылар арасында аутоагрессивті мінез-құлық және оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтып өтті.
Сондай-ақ, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алуда ата-аналардың алар орны және олармен қалай байланыс жасаудың маңыздылығы айтылды.