Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық іс шара өтті

Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылықтың  күрт өсуіне негіз болып отыр. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық  мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында. Құқықбұзушылықтың алдын алу олардың негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар деп құқықбұзушылық, қылмыс  жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.   Құқықбұзушылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда.                                                                                                                                            Түркістан қаласы  Расул Исетов атындағы орта мектеп  оқушылары арасында кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық іс шарасы 2022 жылдың 02 желтоқсан күні 9-11 сыныптар арасында прокуратура өкілі Д.Абдрасилова, қалалық емхана маманы Б.Аширбекова және жастар орталығының психологы М.Анапиялармен кездесу болып өтті. Жиналысқа қатысқандар тәрбие істері жөніндегі директор орынбасарлары Абдуғаппар Маккамбаев, Фаррух Бекенов басқа да пән мұғалімдері. Жиынды мектептің тәрбие істері жөніндегі орынбасары Абдуғаппар Маккамбаев ашып беріп, келген қонақтарды оқушыларға таныстырып өтті. Прокуратура өкілі Д.Абдрасилова кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүддесін қорғау – мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық саясатының басты бағыты болып табылатынын, жалпы адамдар құқығын сақтауға, соның ішінде балалардың құқығын сақтау үшін, яғни кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот ісін жүргізу барысында туатын барлық сұрақтарды толық шешу үшін, соның ішінде ең маңыздысы бала мүддесін толық қамтамасыз ету, оның көзқарасын сыйлау, баланың жан-жақты өсуін қамтамасыз ету керектігін айтып оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Психолог Мадина Анапия Шынасылқызы келесі сөзді тізгіндеп баланың бас ұстазы – ата –анасы екенін тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табатындығын айтып өтті. Бүгінгі тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған орай заман талабы үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отырғандығын, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық сүйемелдеу өте қажеттігін, қазіргі таңда отбасында тәрбиеленіп отырған балалардың психологиясы әр түрлі, сондықтан еліміздің ертеңі, болашағы жас ұрпақтың тәрбиелі, білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсуі үшін мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы берік болуы керек деп сөзін қорытындылады. Емхана маманы Бахыткуль Аширбекова да психолог маманының сөзін қостай отырып, психологиялық қысым көрген жағдайда емханада арнайы психологтың және әлеуметтік-психологиялық көмекті пайдалана алатынын айтып өтті.                Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстарының күрт өсуіне негіз болып отыр. Сонндықтан осындай олқылықтарды болдырмауда бәріміз ат салысуымыз керек.