Қазатомөнеркәсіп сирек кездесетін металдарды барлау алаңын ұлғайтуда

барлау

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы оның 100% еншілес кәсіпорны, «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы (ҮМЗ) Абай облысындағы Қаражал кен орнының қосымша учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға тағы бір лицензияны сәтті алғанын мақтанышпен хабарлайды.

Алынған лицензия тантал, ниобий және бериллий сияқты сирек металдардың қорларын бағалау және растау мақсатында ҮМЗ геологиялық барлау саласын едәуір кеңейтеді. Жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері кен орнын игерудің болашақ перспективаларын анықтайды.

«Қаражал кен орнының жаңа учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алу біздің жетістікке жетуімізді арттырып, сирек металдардың ресурстық базасын кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша перспективалар ашады. Бұл жоба Үлбі металлургия зауытын өзінің минералды-шикізат базасымен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуды жалғастыра отырып, өңірлерде біздің қатысуымызды нығайтады», — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

ҮМЗ-тантал, ниобий және бериллийді өңдеуден бастап жоғары сапалы дайын өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар бірегей және әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі таңда зауыт бериллий өнімдерін өндіру бойынша әлемде 2-ші және тантал өнімдерін өндіру бойынша 4-ші орында.

Бұл қызмет «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-ның сирек металл және жерде сирек  кездесетін металдар саласындағы 2022-2029 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, ол өнімнің жаңа түрлерін жасау, кәсіпорындарда пайдалы құнды компоненттерді ілеспе алу технологияларын жетілдіру, ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру мақсатында әзірленген.

«Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ



Be the first to comment on "Қазатомөнеркәсіп сирек кездесетін металдарды барлау алаңын ұлғайтуда"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*