Қазатомөнеркәсіп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 3 млрд. теңге бөлді

Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде 3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл қаражат зардап шеккен аудандарға жедел қолдау көрсету үшін Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады.

«Біз еліміздің кейбір өңірлеріндегі су тасқынынан туындаған ауыр жағдайға қатты өкінеміз. Осы қиын сәтте біз сіздермен біргеміз. Ынтымақтастығымыз бен қолдауымыздың белгісі ретінде қызметкерлеріміздің бастамасынан бөлек, Қазатомөнеркәсіп зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетуге белсенді атсалысуда. Біз кез келген қиындықтарды бірге еңсеріп, зардап шеккен аймақтардың қалыпты өмірін қалпына келтіре алатындығымыздың белгісі — Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорына қосқан үлесіміз», — деп түсіндірді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы күреске «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсету үшін 120-ға жуық арнайы техника жібереді. Бұл шешім зардап шеккен аудандарға көмектесу үшін компания бастаған кең қолдау бағдарламасының бөлігі болып табылады. Арнайы техника инфрақұрылымды қалпына келтіру, аумақтарды судан тазарту және өмірлік маңызды нысандарды қалпына келтіру үшін пайдаланылатын болады.

Бұрын хабарланғандай, компания қызметкерлері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бір күндік жалақысын аудару арқылы өз бетінше көмек көрсетуге шешім қабылдады.

Компания уран өндіруші кәсіпорындардың басым бөлігі елдің оңтүстік өңірлеріндегі су басу қаупі аз шалғай жерлерде орналасқанына қайта назар аударады.

Қазіргі уақытта су тасқыны компанияның уран өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметіне әсер еткен жоқ. Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ