2022 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылуда. Баспананы жалдау құнын субсидиялау механизмі бүгінгі таңда нақтылану үстінде. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев Нар тв теларнасына берген сұхбатында мәлімдеді.- «Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топ мүгедектері, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларға ұсылмақ. Аталған субсидиялау механизмінің басты оператор болып «Отбасы Банкі» анықталмақ»,- деді басқарма басшысы.Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:-Қазақстан Республикасының азаматтығы;- Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36018тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;- Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады — Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы. Жоғарыда әзірлеген тетік барлық мүдделі мемлекеттік органдар бекіткеннен кейін күшіне енеді. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар аталған механизм толықтай күшіне енген соң «Отбасы банк»АҚ-ға жүгіне алады
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы