Ер-азаматтың тұлғасы тек соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де дараланып тұратынын қазіргі күннің батырларынан-ақ білуге болады. Оған дәлел ерік-жігердің иесі Нұржан Омаровтың жасаған ерлігі.
2018 жылы 7 қазанда полиция қызметкерлері көшелерді тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде, автотұрақ маңайында күдікті адамдарды байқайды. Полиция қызметкерлері оларға қарай жақындағанда күдіктінің біреуі қаша жөнеледі. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция қызметкері Омаров Нұржан күдіктіні қуып жетіп, ұстау барысында пышақтан бірнеше рет дене жарақатын алған. Яғни, өз міндеті мен қызметіне деген адалдық пен қайтпас, қайсар мінездің арқасында осындай батылдыққа барып күдіктіні қолға түсірді.
Осы орайда, оның жасаған ерлігі елеусіз қалмады. 2019 жылдың 23-сәуірінде ҚР Президентінің жарлығымен Шымкент қ. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспектор көмекшісі полиция аға лейтенанты Н.Омаров ІІ-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
Шымкент қаласы ПД