Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің басқаруындағы жедел штаб күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеуде. Құрамында барлық қарулы күштердің басшылары біріктірілген жедел штаб қаланың штаттық режимде жұмыс жасауы үшін шұғыл шешімдер қабылдап, Төраға арқылы нақты тапсырмалар берілуде. Өткен жылы қалаға қойылған бейнекамералардың бұзақыларды ұстауға үлкен көмегі тиді. Заманауи камералар олардың түр-тұлғасын анықтап берген.Бүгінде қала бойынша әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камералары орнатылған. Қазіргі таңда қаладағы бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камералары вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын 50-ге жуық камера санаулы сағат ішінде қайта қалпына келтірілді. Шаhар басшысы жауапты тұлғалаларға бүлінген бейнебақылау камералардың қалғанын қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.Басты көшелерде бейнебақылау камералары толық орнатылған. Басқа аумақтарға орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі