Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсауле Серіков «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жұмысымен танысты. Орталық 2023 жылдан бері зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетіп келеді. 2023 жылы мұнда 12 мыңға жуық зейнеткер қызмет алса, жыл басынан бері 4140 адамға қызмет көрсеткен. Қызмет алушы орталыққа келгенде бірінші кезекте дәрігердің тексеруінен өтеді. Мұнан кейін ардагерлер психолог кеңесі, музыка терапия, еңбек терапиясы, шахмат, дойбы ,бильярд, үстел теннисі, тренажер залы, кино зал, йога, хореография т.б. секілді қызмет түрлерін пайдаланады. Осылайша «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қалада үш бөлімшесінде қазір 800 зейнеткер 32 қызмет алып жатыр. Мәжіліс депутаты Таңсауле Ғабдыманапұлы Шымкент қаласында зейнеткерлерге жасалған жағдайға оң бағасын беріп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Бұл орталықтың егізгі мақсаты – егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға және зейнет жасына жеткен азаматтарға, сонымен қатар зейнет жасына жетіп, денсаулық жағдайына байланысты емге мұқтаж қарттарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету. Қазыналы қарттарға арналаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ең алдымен Шымкент қаласында ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Ұлт саулығын арттыруға барынша көңіл бөлуге Президент тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы жергілікті жерде орындалып жатқанының бір көрінісі осы. Мамандардың сөзінше бұл, мегаполистегі 3 мыңнан астам қариялар үшін жасалған жағдай.
Бұл қарияларымыздың бейнетінің, зейнетін көретін уақытында өздерінің замандастарымен, құрдастарымен уақыт уақыт өткізеді. Екіншіден бұл жерде дәрігерлік тексеру бар. Белсенді өмір сүру орталығы өзінің кезегімен халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру арқылы кезек-кезегімен қамтылуда. Бір келген азамат, 3 ай қызмет ала алады. Құжаттарын өткізеді, кезек-кезегімен ол кісілерді шақыртып қай филиалға баратынын айтып, жаңағыдай өзінің үйіне жақын жерге жайғастыруға тырысады.
Орталықтың қызметін тегін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына төмендегі құжаттарды алып бару қажет:
1. Жеке куәлік және зейнеткерлік куәлік көшірмесі;
2. Аумақтық дәрігерінен алған амбулаторлық картадан үзінді;
3. Флюрография;
4. Психдиспансерде және наркодиспансерде тұрмайтындығы туралы анықтама;
5. Вакцинация;
6. Құжат тігілетін мұқаба;