Еңбекші ауданы аумағында жалпы 728 көше мен өткел бар. 2023 жылдың қорытындысымен жарықтандырылған көшелердің саны 117-ге жетіп, көрсеткіш үлесі 16%-ды құраған.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті тұрғандарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында былтырғы жылы 244 көше жарықтандырылды. Биыл 367 көшені жарықтандырып, аудан аумағын 100% қамту жоспарланған.