Жаңа форматтағы ҰБТ 5 пәннен тұрады, 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оқушы ҰБТ тапсыратын аудан, қаланы өз қалауы бойынша таңдайды. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі. Қайсысында жоғары балл жинаса, сол нәтиже есепке алынады. Бұл туралы брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.
Биыл, 2020-2021 оқу жылында Түркістан облысы бойынша жалпы 919 мектепте 499 894 оқушы білім алды. Оның ішіндегі түлектер саны – 27 410. Бүгінде олардың 22 535-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Тестілеу уақыты – 240 минуттан тұрады. Оқушы тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға бере алады. Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында беріледі.
«ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыста 5 аудан, қала орталығында және Шымкент қаласында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында ҰБТ компьютерлік форматта өткізіледі. Атап айтқанда, Түркістан және Шымкент қаласы мен Жетісай, Сарыағаш, Ордабасы және Созақ аудандарында орналасқан тестілеу орталықтарында өтеді. Орталықтарда жалпы 21 аудиторияда 600 орын дайындалған. Тестілеу «бір тестіленуші-бір компьютер-бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған орталықтарда өтеді. Тестілеуге қатысуға өтініштер http://app.testcenter.kz/auth сайтында 2021 жылдың 17 сәуірінен бастап қабылданатын болады. Тестіленуші өз бетінше тіркеле алады», — деді басқарма басшысы.
Орталықтарда ҰБТ өткізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптары қамтамасыз етілген.
В этом году будут предоставлены две возможности для сдачи ЕНТ
ЕНТ нового формата состоит из 5 предметов, 3 обязательных предмета и 2 профильных предмета в зависимости от выбранной специальности. Учащийся выбирает по своему усмотрению место проведения ЕНТ передает Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.
Также в этом году 2 раза предоставляется возможность пройти тестирование на присуждение государственного гранта. Какой из них наберет больше баллов, тот же результат будет учтен. Об этом на брифинге сообщил руководитель управления развития человеческого потенциала Рахимбек Жолаев.
В 2020-2021 учебном году в 919 школах Туркестанской области обучалось 499 894 учащихся. Из них выпускников — 27 410, а 22 535 сдают ЕНТ. Время тестирования-240 минут. Ученик может подать апелляцию по содержанию своих заданий. Апелляция подается в течение 30 минут после завершения тестирования.
«В соответствии с приказом Министерства образования и науки РК ЕНТ проводится в компьютерном формате в 5 центрах тестирования «USTUDY», расположенных в 5 районах области, центре города и городе Шымкент. В частности, в центрах тестирования, расположенных в Туркестане и Шымкенте, Жетысайском, Сарыагашском, Ордабасинском и Созакском районах. Всего в центрах подготовлено 600 мест в 21 аудитории. Тестирование проводится в центрах, оборудованных компьютерами по принципу «один тестируемый-один компьютер-одна камера». Заявления на участие в тестировании принимаются на сайте http://app.testcenter.kz/auth с 17 апреля 2021 года. Тестируемый может зарегистрироваться самостоятельно», — сказал руководитель управления.
В ходе проведения ЕНТ в центрах обеспечены все требования санитарно-эпидемиологических норм.