Ақылы оқуға түсетіндер тамыздағы ҰБТ-ға қатыса алады

Тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу testcenter.kz сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.

Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады:

— 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

— мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;

— шетелде 11(12) сынып білім алушылары;

— қандастар;

— шартты түрде оқып жатқан студенттер;

— басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;

— ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім саласына ауысуға ниетті студенттер.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.