Бокстан қыздар арасында ІІ халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті.
Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысты.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты.
Қыркүйек айының 14-17 аралығында өткен былғары қолғап шеберлерінің айқасы өз мәресіне жетіп, жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде шардаралық Ұлжан Сәрсенбек қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынып, жарыстың «Үздік спортшысы» атағын жеңіп алды.