Түркістандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Түркістанның өрені, 2019 жылғы әуесқойлар арасында Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіби деңгейде кезекті айқасын өткізеді.

«Нұрмағанбет 15 сәуірде Помонда (АҚШ, Калифорния штаты) 8-раундтық айқас өткізеді. Оның қарсыласы венесуэлалық Эбер Рондон (20-3, 13 КО) болады», — деді Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы.

25 жастағы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста 8 айқасқа қатысып, жеңіске жеткен (6 рет нокаутпен). Бұған дейін ол өткен жылдың қазанында Мехикода жергілікті боксшы Лусиано Чапарро Араухомен кездесіп, екінші раундта жеңді. Эбер Рондон 2021 жылы қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтен (4-1, 3 КО) нокаутпен жеңілген еді.