Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 2021 жылға арналған нұсқаулығын орындау мақсатында Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 22-қазан мен 21-қараша аралығында «Браконьер» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс шара мақсаты — браконьерлікті, биологиялық ресурстар обьектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау. Сонымен қоса, жедел-профилактикалық іс-шарасына Шымкент ҚПД қызметкерлері және қызметтік автокөліктер жұмылдырылып, қала аумағындағы барлық өзен, көлдер толық тексеріспен қамтылады. Атап айтқанда, Абай ауданында заңсыз топырақ қазып алып жатқан ауыр жүк көлігі анықталып, шешім қабылдау үшін Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі