Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар

Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жалпы қоғамның мәселесі. Бұл мәселе қазіргі таңда маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.

25.11.2022 жылы  Көпсалалы индустриалды — техникалық колледжінде  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студенттермен Түркістан қаласы ҚІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қоңырбаев Дархан Смайылұлымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай ішкі тәртіп ережесі,жалпы студенттердің тәртібі,киім үлгісі және құқық бұзуш ылық туралы айтып өтті. Колледждің АӘжТД жетекшісі Ниязбеков Асхат Нұрхатұлы «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында әкелуге тыйым салынған, оларды пайдалануы шектелген нәрселер мен заттар» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ колледжде тағайындалған полиция инспекторы студенттермен танысып, құқық бұзушылық алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе, бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтікэкономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр.

Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың
қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мектептерде осы тақырыптарда көптеген кездесулер, іс-шаралар өткізіледі. Құқық
бұзушылықтың алдын-алу жұмысы бойынша жұмыс жоспары құрылып, жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беріп, түсінік жұмыстары жүргізіледі. Мектеп инспекторымен бірге рейд жұмыстары да белсенді атқарылады.

Дегенмен жасөспірімдердің демалыс уақыты кезінде қараусыз қалуы, атаана тарапынан бақылаудың аз болуына байланысты құқық бұзушылықтар болып жатады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі.

Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінез-құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Мектепте кәмелетке толмағандар жасөспірімдерге үнемі құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулер өткізіледі. Мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.