Білімім – Отаныма!

Білімім – Отаныма!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Республикалық Дарын мектеп-лицейінде:
2025 жылы 19 мамыр күні 1-10 сынып оқушыларымен «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, білім алушылар «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптық бағыттары бойынша эссе жазып, ең үздік эссе авторлары марапатталды.
2025 жылдың 23 мамыр күні оқу жылының аяқталуы бойынша «Білімім – Отаныма» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шара барысында:
• Оқу үздіктерін марапаттау;
• 10-11 сынып оқушылар арасында «ҮЗДІК ОНДЫҚ» іс-шарасының жеңімпаздары марапатталды.
«БІЛІМ, ӨНЕР және СПОРТ» бағыттары бойынша «ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ» ресми түрде өткізілді.
Мектеп бітіруші түлек – Алтын белгіге үміткер Тулентаева Нұрайым 10-сыныптың оқу озаттары Абдулла Дінмұхаммед пен Дәрібай Айжанға «Білімнің алтын кілтін» табыстады.
1- 11 сыныптың үлгілі оқушылары соңғы қоңырау соғу рәсімін өткізіп, 11 сыныптың мектеп бітіруші түлектері сыңғырлаған қоңырау үнімен «Алтын ұя» мектептен үлкен өмірге аяқ басты.
Сәт сапар саған, жас түлек!